Майк Вайкиң «Хүгге» сөзінің мағынасын түсіндіріп, қолданысқа енгізген соң қолыма «Лүкке» кітабы түседі. 2025 жылдың шымылдығын «Лүкке» кітабымен бастадым. Бірақ алдымен «Лүкке» деген не?
«Лүкке» (Lykke) сөзі дат тілінде «бақыт» немесе «сәттілік» деген мағынаны білдіреді. Бұл ұғым ішкі тыныштықты, қуаныш, қарапайым сәттерден ләззат алу сияқты сезімді сипаттайды. Автор бұл ұғым байлыққа байланысты емес екенін дәлелдейді. Ақшаны бақыттың өлшемі деп қабылдаймыз. Бірақ ақшаны бақытты болуға қатысы болса да, бақыт толықтай оған тәуелді емес. Адамдар арасындағы қарым-қатынас, қоршаған орта, мейірімділік пен қарапайым қуаныш сыйлайтын сәттер «Лүкке» сөзінің мағынасын аша түседі.
Майк Вайкиң еңбегінде бақытты өлшеу тәсілдері мен әлемнің түкпір-түкпіріндегі елдердің бақыт көрсеткішін талдайды. Оқырманға күнделікті өмірде қарапайым болса да, бірақ маңызды сәттерді бағалай білуді ұсынады. Өйткені қарапайым болу – бақыттың кілті. Шынайы бақыт байлықта емес, қарапайым қуаныштарда мысалы, отбасымен бірге сапалы уақыт өткізу, төрт көзі түгел тамақтану, табиғат аясында серуендеу сияқты қарапайым істерде жатыр. Сонымен қатар, автор қазақтардың «Көрші ақысы – Тәңір ақысы» ұстанымын бекіте түседі. Көршілермен тату болу, араласу, көмектесуге үндеу жасайды. «Дастархан адамдарды біріктіреді. Онда жағрафиялық, мәдени шекара деген болмайды. Кейде бәрі бірге екенін сезу үшін балауыз шам жағып қойса да болады. Ішкен ортақ асымыз тәнімізді ғана емес – достығымызды да нығайта түспек. Арамызды бекітіп, бақытымыздың негізі болады» дейді автор.
Кітапта тек теория емес, нақты кеңестер де бар. Бақыт деңгейін арттыруға арналған қарапайым болса да, күнделікті өмірде қолдануға болатын әдіс-тәсілдер ұсынады. Мысалы, «Көше тұрғындардың бірлігі жарасқан қауымға айналдыр» кеңесі. Ол үшін алдымен әрқайсысының дағдысы жазылған каталог жасау және ең бастысы көрші-қолаңмен танысып, сөйлесе білу. Каталогқа одан бөлек икем, дағдыларды жазып қойса болады. Осылайша, бір көшеде тұратын адамдардың бірігуіне мүмкіндік туады. Сонымен қатар, «Лүкке» қоғамның негізі болып жүрген адамдардың өмірдегі оқиғалары мысал ретінде жазылған. Шанидің хикасы кез келген оқырманға үлгілі болары анық.
«Лүккенің» дизайны өте әдемі. Инфографика, суреттер мен иллюстрациялар ақпаратты түсінуге, есте сақтауға көмектеседі. Тілі жеңіл, тез оқылады. Күнделікті өмірде қолдануға болатын нақты кеңестер бар. Кітапты сыйлыққа сатып алсаңыз да, ұялмай бересіз.
Бірақ кейбір тақырыптар қайталанып жатқандай көрінді. Қазақы танымға тән бірақ жоғалып кеткен қарым-қатынас әр халықтың түсінігіне икемделіп жазылғандай көрінді.
Лүкке – бұл тек бақытты болу туралы кітап қана емес, күнделікті өмірдің қадірін, сәттерден ләззат алуды үйрететін құрал. Майк Вайкиң бақытты қарапайым заттар мен сәттерден іздеуге шақырады. Егер де сіз өмір сапасын жақсартып, жай ғана бақытты болуды қаласаңыз, бұл кітап сізге арналады. Өйткені «Лүкке» бақытты болуды және жеке жолыңызды анықтауға көмектеседі.