Джеймс Клирдің еңбегін бұрын-соңды естісем де, қазақ тілінде оқу бұйырыпты. Кітаптың басты концепциясы – 1% ережесі. Яғни, күнде өзімізді 1%-ға жақсы жағынан өзгертсек, жыл соңында бұл кумулятив әсер беріп, үлкен өзгеріске айналады. Әдет – ұдайы қайталанып отыратын қимыл-әрекет. Егер сіз белгілі бір әдеттерге ұзақ уақыт бойы дағдылансаңыз, бір қарағанда елеусіз әрі мағынасыз болып көрінетін өзгерістердің өзі таңғаларлықтай нәтиже беруі мүмкін.
Кітапта Клир әдеттерді қалыптастыру мен нығайтудың төрт негізгі ұстанымын ұсынады:
·Айқын ету (Make it obvious). Жаңа әдетті күнделікті өміріңізге енгізу үшін оны анық әрі көрнекі ету маңызды. Мысалы: Егер суды көп ішкіңіз келсе, әр жерде бөтелке болсын. Егер телефонда көп отыруды азайтқыңыз келсе, оны басқа бөлмеде қалдырыңыз.
·Тартымды ету (Make it attractive). Жаңа әдетті қызық етіп өзгерту арқылы оны ұстану оңайырақ болады. Мысалы: Егер спортпен айналысқыңыз келсе, сүйікті музыкаңызды тыңдап немесе достарыңызбен бірге жаттығыңыз. Егер зиянды тағамды азайтқыңыз келсе, оны үйден мүлде алып тастаңыз немесе көзге көрінбейтін жерге жасырыңыз.
·Оңайлату (Make it easy). Әдетті мүмкіндігінше қарапайым ету – оны күнделікті өміріңіздің бір бөлігіне айналдырудың кілті. Мысалы: Кітап оқуды дағдыға айналдыру үшін күніне 1 бет оқып бастаңыз. Егер бірден 100 бет оқимын деп шешсеңіз, бұл сізге қиын болып, тез шаршап қаласыз.
·Қанағаттандырарлық ету (Make it satisfying). Әдетті тұрақты ету үшін оған ләззат пен марапат сезімін қосу қажет. Мысалы: Егер жаттығудан кейін белгілеп отыратын трекер жасасаңыз, прогресті көру сізге мотивация береді. Егер өзгерістерді байқамасаңыз немесе әдет қызықсыз болса, оны тастап кетуіңіз мүмкін.
Кітаптың ұнаған тұстары:
✔ Ғылыми негізділігі – кітапта психология мен неврологиядағы соңғы зерттеулер негізінде дәлелденген қағидалар қолданылады.
✔ Қарапайым және түсінікті стиль – Клир күрделі ғылыми теорияларды өмірлік мысалдармен жеңіл жеткізеді.
✔ Практикалық кеңестер – теориямен қатар, оны қалай қолдануға болатыны нақты көрсетілген.
Бірақ:
▪ Кейбір идеялар қайталанады, бұл оқырманға артық көрінуі мүмкін.
▪ Кітап жеке тәжірибеге сүйенгендіктен, барлық адамға бірдей тиімді болмауы мүмкін.
«Атом әдеттер» – өнімділікті арттырып, өмір сапасын жақсартқысы келетін кез келген адамға пайдалы кітап. Оның көмегімен үлкен мақсаттарға бірден емес, кішкентай, бірақ тұрақты қадамдар арқылы жетуге болатынын түсінесіз. Егер әдеттеріңізді саналы түрде қалыптастырғыңыз келсе, бұл кітап сіз үшін таптырмас құрал болмақ.