Назым Сапармен бірге кітап оқу мәдениетін қалыптастырып, бос уақытты тиімді пайдалан!

Баланы кітап оқуға қызықтыру, кәсіби маманың пікірі және пайдалы кеңесті осы жерден табасыз

Өзге емес, өзім айтам
Педагог маман
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің “Қазақ тілі мен әдебиеті” мамандығын 2021 жылы қызыл дипломмен тәмамдаған.
Оқырман
9 жасынан бастап кітап оқу әдетін қалыптастырып, үзбей оқиды. Осы уақытқа дейін 300-ге жуық кітап оқыған. Фэнтези жанрының жанкүйері.
Тілші
Massaget.kz порталының 2015-2017 жылдары блог авторы

“Ұлан” республикалық балалар мен жасөспірімдер газетінің жас тілшісі, 2020 жылы журналисі

2016-2017 жылдар “Балбұлақ” балалар журналының редакция ұжымының мүшесі
Жоба авторы
“1 жылда 100 кітап” жобасы

Qarlygash эко подкасты

“21 күн үздіксіз кітап оқу” марафоны

Кітапtalks оқырмандар клубы

Nazymsapar.kz блогының авторы
Мақсатым
Жетістікке жету үшін не керек? Әрине, «мотивация», «ізденіс», «сәттілік» деген жауаптар бірден ойға оралады. Дегенмен жетістікке жеткен тұлғалардың бұл тізімде жоқ ортақ құпиясы бар. Ол – кітап оқу.
Бірақ осы кітап оқу әдетін қалыптастыра алмай жүрген адам көп. Ал мен қазақ қоғамы кітап оқитын, оқығанын өмірде қолданып талқылайтын мәдениетті әрі мейірімді қоғамды қалыптастыруға өз үлесімді қосқым келеді. Сондықтан кітап оқуға қызығатын, сүйікті жанрын таба алмай жүргендерге бағыт-бағдар беремін. Ата-аналар мен балаларға кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға көмектесемін. Болашақта қазақ елі кітап оқитын елге айналатынына сенімім зор.
Блог арқылы
Кітап таңдауға
Тәжірибеме мен бакалаврдағы теориялық білімге сүйене отырып, әдеби бағытта әр кітапқа рецензия жазамын. Шығармаға талдауды оқи отыра, сіз өзіңізге сай кітапты тауып, уақытыңызды үнемдейсіз
Шығарма жызуға
Алматы жастар әдеби шеберханасындағы оқыған біліміме сәйкес шығарма жазуға көмектесемін. Жанр таңдау, әдеби шиеленістер мен шарықтау шегі бар әсерлі шығарма жазу әр адамның қолынан келеді. Тек ынта қажет.
Дағды қалыптастыруға
Кітап оқу дағдысын қалыптастыруға арналған арнайы чек-парақ арқылы күнделікті бет санын, түйген ойын, зейінін қалыптастыруға арналған бірнеше әдіс-тәсіл ұсынамын
Баланы кітап оқуға баулуға
Педагогикалық тәжірибеме қарай баланың кітап оқуға деген қызығушылығын оятуға, оқығанын комикс арқылы дамытуға көмектесемін
Сізге пайдалы
БАҚ-қа жарияланған
    Көкейде жүрген
    Made on
    Tilda