Ең алдымен баланы кітап оқуға "мәжбүрлеуге" болмайды, оны бұл процеске қызықтыру керегін түсініңіз. Бала қырсығуы немесе бас тартуы мүмкін екеніне дайын болыңыз. Баланы мәжбүрлеудің орнына кітап ашып, өзіңіз дауыстап оқып бастаңыз. Кітапты эмоциямен оқу маңызды. Сахнада ойнап тұрғандай оқыңыз: дауыс пен ым-ишараны барынша пайдаланыңыз. Кітаптағы оқиға желісіне қарай, біресе қуанышты, біресе мұңды дауыспен, біресе қатты, біресе сыбырлап оқыңыз. Бала кітаптағы оқиға сізге қатты қызық екенін көруі керек. Бала кейін сіз кітап оқып отырғанда жаныңызға отыратын болады. Бала жаныңызға отырып, кітапқа қызыға бастағанда оны оған бірден бере салып, қорқытып алмаңыз. Аз-аздан бастаңыз. Мысалы, қандай да бір кейіпкердің сөзін оған оқытып, қалғанын өзіңіз жалғастырыңыз.